Қабылдау шарттары
Алматы Ұлттық Медициналық колледжі талапкерлерді төмендегі мамандықтар бойынша оқуға қабылдайды. Қабылдау Қазақстан Республикасының білім беру талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қабылдау негізі
Колледжге талапкерлер келесі білім деңгейлері бойынша қабылданады:
— 9 сынып негізінде (негізгі орта білім)
— 11 сынып негізінде (жалпы орта білім)
Оқу ақысы
Емдеу ісі – 320 000 теңге / жыл
Мейіргер ісі – 320 000 теңге / жыл
Фармация – 350 000 теңге / жыл
Қабылдау емтихандары
Талапкерлер таңдаған мамандығына байланысты төмендегі пәндер бойынша тест тапсырады:
Емдеу ісі – Биология
Мейіргер ісі – Биология
Фармация – Химия
Қажетті құжаттар тізімі
Қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсыру қажет:
Жеке куәлік немесе туу туралы куәлік
Аттестат (түпнұсқа)
075-У, 063 медициналық анықтамалар (флюорография нәтижесімен)
3×4 көлеміндегі 6 дана фотосурет
Қабылдау комиссиясының жұмыс уақыты
Дүйсенбі – Жұма: 09:00 – 18:00
Сенбі: 09:00 – 14:00