Колледж туралы
Алматы Ұлттық Медициналық колледжі – заманауи білім беру талаптарына сай, бәсекеге қабілетті орта буын медицина мамандарын даярлауға бағытталған білім ордасы. Колледж 2020 жылы құрылған және қысқа уақыт ішінде сапалы білім мен кәсіби даярлықтың сенімді орталығы ретінде қалыптасты.
Білім беру процесі теория мен тәжірибені ұштастыру арқылы жүзеге асырылады. Студенттер оқу барысында медициналық дағдыларды меңгеріп қана қоймай, нақты клиникалық жағдайларда жұмыс істеуге бейімделеді. Колледждің негізгі мақсаты – қоғамға қажетті, жауапкершілігі жоғары, кәсіби білікті мамандарды даярлау.
Оқу бағдарламалары мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес әзірленген және қазіргі заманғы медицинаның талаптарын толық қамтиды. Студенттерге сапалы білім беру үшін тәжірибелі оқытушылар құрамы мен заманауи оқу әдістері қолданылады.
Артықшылықтары
1.Сапалы білім беру жүйесі
Колледжде оқу бағдарламалары заманауи талаптарға сай құрылған, теория мен тәжірибе қатар жүргізіледі.
2.Тәжірибеге бағытталған оқыту
Студенттер оқу барысында нақты медициналық дағдыларды меңгеріп, кәсіби тәжірибе жинақтайды.
3.Оқу ақысы
Оқу ақысын тиімді бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған
4.Сұранысқа ие мамандықтар
Колледжде оқытылатын барлық мамандықтар еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие.
5.Жауапты әрі білікті мамандар даярлау
Түлектер тек білімді ғана емес, адам өміріне жауапкершілікпен қарайтын маман ретінде қалыптасады.